Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Адамзаттың асылы – Ана»

2023 жылдың 6 наурызы күні сағат 11.00-де C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы көктем мейрамы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай журналист, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зияш Телеуовамен «Адамзаттың асылы – Ана» атты әдеби кездесу кешін өткізді.   

Мақсаты: жазушының шығармашылығын жастарға таныту, қазақ әдебиетін насихаттау.

Кеш барысында жастар жазушы Зияш Телеуовамен кездесіп, оның жеке шығармашылығы, бүгінгі қазақ әдебиеті, әдебиеттің насихатталуы төңірегінде әңгіме қозғады. Жазушының туындыларымен танысып, оның кітаптары туралы мәлімет алды. Шарада сондай-ақ кітапхана қызметкерлері Гүлнұр Ергенқызы мен Әкімжан Бейбітшілікұлы ән айтып, өлеңдер оқылды. Кеш иесі оқырмандардың сауалдарына жауап беріп, қызықты әңгіме өрбіді. Шара соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы жазушы Зияш Телеуоваға ризашылығын білдіріп, барлық аруларды алдағы келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжінің студенттері арнайы дайындалған кітап көрмесінде жазушы Зияш Телеуованың туындыларымен танысты. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Шараға Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжінің студенттері мен оқырмандар, БАҚ өкілдері қатысты

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС