Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Әнімен елін тербеткен»

2023 жылдың 23 ақпаны күні сағат 17.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, Димаштың ұстазы Марат Әйтімовпен «Әнімен елін тербеткен» атты кездесу кешін өткізді.

Мақсаты: Өлкеміздің өнерпазын насихаттап, шығармашылығымен таныстыру. Жастарды өнерді сүюге тәрбиелеу. Оқырмандарды, жасөспірімдерді кітап оқуға шақыру.

Кездесу кеші барысында Марат Әйтімов өзінің отбасы туралы әңгімелеп, әйгілі шәкіртіне қатысты және өзінің басынан өткен қызықты естеліктерін айтып берді. Сонымен қатар шәкірттері Әсел Дусаева мен Марат Сагит әсем әнін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жасөспірімдер сұрақтар  қойып, қызықты әңгіме тыңдалды. Сондай-ақ әнші мен оқырмандар арасында ойын ойнатылып, оқушылардың пікірлерімен бөлісті. Шара соңында кітапханашы Үржан Құрманқызы кітапханамыздың атынан сөз сөйлеп, жылы лебізін білдіріп, естелікке сыйлық табыстады.

Іс-шарада Марат Әйтімовтің өмірі мен өнері жайында слайд көрсетілді. Шараға М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары, оқырмандар қатысты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС