Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы»

2023 жылдың 15 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында  «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог-маманы Искаков Медет Нұрлыбекұлы мен психолог маманы Қасенов Ақжол Нұрланұлымен «Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы» атты кездесу өткізді.

Мақсаты: жастарды жат ағымдардан сақтандыру, имандылық пен адамгершілікке, аталы сөзден ғибрат алуға, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың сипаттары, олардың белгілері және сақтану жолдары ескертілді. Сонымен қатар әлеуметтік желідегі дінге бағытталған түсініксіз ақпараттардан аулақ болуға, олардың астарында діни экстремизм және терроризмді насихаттап жатқан болуы мүмкіндігін айтып өтті. Жастар өздерін қызықтарған сауалдарға жауап алып, өз пікірлерін ашық ортаға салды. Шара барысында діни экстремизм тақырыбында бейнероликтер көрсетіп, жадынамалар таратты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС