Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Менің жүрегімдегі кітап»

2022 жылдың 18 қарашасы күні сағат 17.00-20.00 аралығында C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасының аясында «Менің жүрегімдегі кітап» республикалық оқырмандар байқауының қорытындысы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыра отырып, ой-өрісін дамытуға үлес қосу. Қызықты кейіпкерлермен танысу арқылы өзінің тұлғалық бейнесін қалыптастыру. Оқырмандарды, жасөспірімдерді кітапқа жақындату, кітап оқуға шақыру. Бос уақыттарын тиімді өткізу.

Байқаудың әділқазы мүшелері: Қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі А.Ж.Жанаділова; Жас ақын – Нұрдаулет Кабасов; Жас ақын, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері – Нұрсұлтан Әбжан; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ардагері – Үржан Құдасова; Ақын, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры – Калдина Гүлжайнар Нәренқызы.

Шара барысында «Менің жүрегімдегі кітап» атты республикалық байқаудың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздарды марапаттап, Диплом, Алғыс хат, сыйлықтар табыстады.

Байқаудың шарттары:

1.«Мен ұнатқан кітап». Қатысушылар өздерінің таңдаған кітаптарын қызықты етіп таныстырып, бейнетаспаға түсіру.

2.«Мен ұнатқан кейіпкер». Мұнда қатысушылар өзі таңдаған кез келген көркем шығарманың бір кейіпкерінің образына ену арқылы кейіпкер бейнесін ашу.

3. «Көңіл көкжиегі». Қатысушы бұл бөлімде 3-10 бет аралығында өзінің өзінің әртүрлі жанрдағы авторлық шығармасын ұсыну.

Байқауға барлығы 32 үміткерлердің жұмыстары қабылданып, қазылар алқасының шешімімен байқауға қатысушы жеңімпаздар қорытындылау кешіне шақырту алды. Байқаудың жеңімпаздары: Бас жүлдені – Адилхан Ажар Адилханқызы, 1-орын – Мускалиева Алмаш Төреғалиқызы, 2-орын – Әлихан Жақсылық Нұрбергенұлы, 3-орын – Азбантаева Фарида Бердіғалиқызыжеңіп алса, Жолан Нұрсұлу Ғалымжанқызы, Мадина Кульбаева, Маусымжан Урунбаева ынталандыру сыйлығын жеңіп алды. Сонымен қатар жеңімпаздарға Дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Сонымен бірге осы шара аясында «Әдебиет – жастар әлемінде» атты әдеби отырыс болды. Отырысқа өлкеміздің жас ақын-жазушылар қатысып, шарада өлеңдер мен әңгімелер жазып жүрген жастардың шығармалары талқыланды. Өлкелік жас ақын-жазушылар жастар әдебиетінің жай-күйі туралы сөз қозғап, пікірлерімен бөлісті. Студенттер мен мектеп оқушылары «Ұшқыр ой мен шешен тіл» интеллектуалды ойындарын ойнап, музыкалық бағдарламар өтті. Кешке байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеш соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы оқырмандарға, байқауға қатысқан қатысушыларға, жастарға жылы лебізін білдірді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС