Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«БиблиоStar»

2022 жылдың 25 қарашасы күні сағат 17.00-20.00 аралығында C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасының аясында «БИБЛИОSTAR» атты кітапханашы мамандар арасындағы облыстық кәсіби-шығармашылық байқауының қорытындысы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Кітапханашы мамандардың имиджін арттыру; Кітапханашылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, соңғы үлгідегі технологияны кітапхана саласында пайдалану; Кітапханашы мамандардың кәсіби білімін қайта толықтыруына жол ашу.

Байқаудың әділқазы мүшелері: Облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі – Карагулова Рысжан Булашевна; Ақтөбе қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі – Нұрсейітов Ақжол Тынысбекұлы; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры – Калдина Гүлжайнар Нәренқызы;

Шара барысында «БИБЛИОSTAR» атты кітапханашы мамандар арасындағы облыстық кәсіби-шығармашылық байқаудың қорытындысы жарияланып, қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды марапаттап, Диплом, Алғыс хат табыстады.

Байқаудың шарттары: Бірінші кезең «Қызық қазына» бөлімі. Кітапханашылар міндетті түрде 2007-2022 жылдар аралығында «Оқитын өлке» немесе «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында таңдалған шығарманы насихаттап, бейнеролик түсіру керек. Кітап мазмұнының ашылуына, тартымдылығына, образдылығына мән беріледі. Екінші кезең. «Кітапханашы білу керек…» деп аталады. Бұл бөлімде бірінші бөлімнің жеңімпаздары қатысады. Қатысушыларға кітапхана ісі бойынша сұрақтар қойылып, жеңімпаздар анықталады.

Байқауға барлығы 28 үміткерлердің жұмыстары қабылданды. Қазылар алқасының шешімімен байқауға қатысушылар екінші кезеңге шақырту алды. Екінші кезеңде кітапханашыларға кітапхана ісі бойынша сұрақтар қойылып, «Оқитын өлке» немесе «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өздері таңдаған шығармадан кейіпкерді сомдайды. Қазылар алқасының мүшелері әділ бағаларын беріп, байқаудың жеңімпаздарын құттықтап, барлық қатысушыларға диплом мен алғыс хаттар, арнайы жүлделі орындарға бағалы естелік сыйлықтарды табыстады. Байқаудың жеңімпаздары: Бас жүлде – Темір ауданы, Қопа ауылдық кітапханасының кітапханашысы Маржан Ибраймова; 1 орын – Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Ақжарқын Жаханова; 2 орын – Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Анар Мәуленова; 3 орын- Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ақбөбек Сағи; «Сағи Жиенбаев атындағы арнайы жүлде» – Кенкияқ ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Перизат Абиева; «Сәбит Баймолдин атындағы арнайы жүлде» – Мұғалжар ауданының Бұлақты ауылдық кітапханасының кітапханашысы Алия Джулмағамбетова.

Кеш соңы «Библиокафе» поэзия кешімен жалғасты. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері, кітапхананың оқырмандары өлеңдер оқып, кітапхана қызметкерлері Гүлнұр Ергенқызы мен Әкімжан Сержан әсем ән салды. Шараға қатысқан студенттер мен кітапханашылар, кітапхана оқырмандары арасында «Кітап кино әлемінде» интеллектуалды ойынын ойнады. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеш соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы оқырмандарға, байқауға қатысқан қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, осындай шараларға белсене қатысуларын  тіледі.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС