Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Дарабоз батыр – Қабанбай»

 2022 жылдың 14 қыркүйегі сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №30 орта мектебінде батыр, даңқты қолбасшы Қабанбай батырға 330 жыл толуына орай «Дарабоз батыр – Қабанбай» атты дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты: Оқушыларға Қабанбай батырдың қолбасшылығын, ерлік істерін баяндау. Жасөспірімдердің бойындағы патриоттық сезімін ояту.

Дөңгелек үстелде Қаракерей Қабанбай батыр жайында тарихи шындық пен батырдың өмірі мен шайқастарына, замандастарына қатысты дәлелденген тың деректер айтылды. Сонымен қатар оқушылар Қабанбайдың ерлігіне арналған өлең-жырларды мәнерлеп оқыды. Сұрақтар қойылып, ойын ойнатылды.

 «Ерлер есімі – ел тарихы» кітап көрмесі жасақталып көрмеге Лаура Ерікқызы библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд, бейнеролик көрсетілді. Дөңгелек үстелге №30 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары, кітапханашылар қатысты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС