Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ұлттық символдар – ұлт мерейі»

2022 жылдың 3 маусымы күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Абай гүлзарында 4 маусым – ҚР Рәміздер күніне 30 жыл толуына орай «Ұлттық символдар – ұлт мерейі» атты позия сағатын өткізді.

Мақсаты: мемлекеттік нышандарды қастерлеп құрметтеудегі түсініктерін нығайту. Өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына елжандылық сезім, Отаншылдық рух дарыту.

Шара барысында мемлекеттік рәміздердің шығу тарихына, оған қатысты қызықты оқиғаларға, сонымен қоса әлем елдеріндегі мемлекеттік символдардың қалай қорғалатыны жөнінде айтылды. Позия сағатында М.Дулатов атындағы №63 ЖББОМ лицейінің оқушылары Амина Курашева мен Інжу Қуанышбай, АГК студенттері Гүлдана Айдаубаева, Жансая Манатова сынды т.б. жастар өлеңдер оқыды. Белсене қатысқан жасөспірімдерді кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы Алғыс хатпен марапаттады.

Іс-шарада арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен Айнұр Төлегенова таныстырып, библиографиялық шолу жасады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС