Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«KIDS BOOK FEST – 2022»

2022 жылдың 1 маусымы күні сағат 17.00-19.00 аралығында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Балаларды қорғау күні және «Балалар жылына» орай Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Абай гүлзарында «KIDS BOOK FEST – 2022» балалар кітап фестивалінің ашылуын өткізді.

Мақсаты: Балалардың уақытын тиімді өткізу. Жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

Іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі О.С.Оразалин, облыс әкімінің орынбасары Б.О.Елеусінова, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Ю.Юнисова, зиялы қауым өкілдері, облыстық, қалалық кітапханалар қатысты.

Шара аясында кітап көрмелері, сурет салу, ертегілерден көлеңкелі кітап, «Оқы және өзгеге сыйла» букроссинг, зейінді дамытуға арналған пазлдар, бас қатырғыштар, ашық алаң ойындары өткізілді. «KIDS BOOK FEST – 2022» балалар кітап фестивалі маусым, шілде, тамыз айларында, әр жұма күні сайын сағат 17.00-19.00 аралығында өтеді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС