Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

2022 жылдың 8 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Ақ қауырсын» шығармашылық клубының мүшелерімен бірге ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты поэзия сағатын өткізді.

Мақсаты: Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын жас оқырманға насихаттау. Жасөспірімдер мен балалардың рухани және классикалық поэзия саласындағы ой-өрісін дамыту.

Іс-шара барысында кітапханашы Лаура Ерікқызы ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы ақпарат беріп, ақынның туған өлкеге, Отанға, анаға,  махаббат, өмірге сүйіспеншілік, қоршаған әлемге құштарлыққа жазылған еңбектерін насихаттады. Сонымен қатар шараға №24 линвистикалық мектеп-гимназиясы, №36 қазақ орта мектебінің және дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей интернатының оқушылары қатысып, көрермендерді Мұқағалидың жырларымен сусындатты. Сондай-ақ поэзия сағатында ақынның өз дауысымен оқыған өлеңі тыңдалды. Ахмедияр Нажекенов қазақтың ұлттық аспабы домбырамен күй орындап кешті қыздыра түсті, ал  Балжамал Нұрлыбекқызы әсем ән шырқап шараның шырайын келтірді. Шарада көрермендер мен оқырмандарға «Аққулар ұйықтағанда» поэма желісі бойынша сұрақтар қойылып, барлық қатысушылар белсене жауап берді. Жыр сүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған жасөспірімдерді кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы Алғыс хатпен марапаттады.

«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты кітап көрмесіне Мұқағали Мақатаевтың жыр жинақтары, өмірі және шығармашылық жолынан сыр шертетін кітаптар мен баспасөз материалдары қойылып, библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС