Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ерлік пен махаббат»

2022 жылдың 8 қарашасы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы жазушы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Ерлік пен махаббат» атты әдеби кеш өткізді.

Мақсаты: жазушыны жас ұрпаққа таныстыру, насихаттау. Еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Іс-шара барысында кітапханашы Айғаным Бекжанқызы жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Сонымен қатар Әзілхан Нұршайықовтың қаламынан шыққан көпке танымал «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз» романдары кітаптарын талқылап, пікірлер айтылды. Сонымен қатар кеш барысында «Дұрыс немесе бұрыс» ойыны ойнатылып, шараға Әйгерім Ізтұрған, Айым Жазит, Анэль Халелова белсене қатысты.   

«Дәуірдің дара тұлғасы» арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Бейнеролик көрсетілді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС