Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Дәстүрге жол – ұлт ұлағаты»

2022 жылдың 3 наурызы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Дәстүрге жол» жобасы аясында «Дәстүрге жол – ұлт ұлағаты» атты танымдық кешін өткізді.

Мақсаты: Жастар арасында ұлттық салт-дәстүрді насихаттау. Жастардың бойында ұлтжандылық пен азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, Отанды сүюге, өзін-өзі құрметтеуге, ұлттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Кешке қатысқандар: Аналар кеңесінің мүшелері – Шамшия Айжарықова, Абдулина Маржан Әбдіжәмиқызы, Несібелі Сақтағанқызы, Табельдинова Назира Сәрсембайқызы, Алмагүл Сарыбаева және С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры  Калдина Гүлжайнар Нәренқызы. Кітапханашылар мен кітапхана оқырмандары.

Кеш барысында Атадан қалған мұрамыз салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз туралы әңгіме өрбіді. Кешке қатысушылар сөз сөйлеп, қазақ халқының отбасындағы ұрпақ тәрбиесін халық арасында насихаттап, жастарды тәрбиелей отырып ұлтымызды тәрбиелейміз,-дейді. Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді үйреніп, халқымыздың рухани байлығын бойымызға сіңіру, ұлтымыздың  дәстүрлерінен  үлгі алуымыз  қажет екенін айтты. Сонымен қатар оқырмандар мен қатысушылар арасында салт–дәстүрге байланысты викториналық ойындар ойнатылып, өзара пікір алмастырды.

Шара барысында Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, Лаура Ерікқызы көрмеге библиографиялық шолу жасалды. «Қазақтың дәстүрлері»  тақырыбында слайд көрсетілді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС