Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ымырттағы кітапхана»

2022 жылдың 11 қарашасы күні сағат 17.00-20.00 аралығында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Ымырттағы кітапхана» әлеуметтік-мәдени шарасын өткізді.

Мақсаты: Оқырмандарды, жасөспірімдерді кітап оқуға шақыру. Бос уақыттарын тиімді өткізу.

«Ымырттағы кітапхана» әлеуметтік-мәдени шарасы аясында жазушы Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай  «Жүректен маржан іздеген» атты әдеби кеш,  үстел ойындары, викториналар, «Kahoot» интеллектуалды ойындар, музыкалық бағдарламалар өткізді. Сонымен қатар кітапхананың барлық бөлімдері сағат 17-ден 20.00-ге дейін жұмыс жасап,  кешке келген оқырмандар кітап  тапсырып, өздеріне қажетті кітаптарын алды. Ақтөбе педагогикалық колледждің студенттері, №34 мектеп оқушылары, флешмоб билеп,  интеллектуалды ойындарға қатысты. Кеште Алуа Ахметқызы, Қарақат Жалғасбаева, Сая Орақбаева өлеңдер оқыса, Ұлту Нәдірбаева мен Әкімжан Сержан әсем ән шырқады. Сондай-ақ жастар арасында  зияткерлік ойынын ойнатып, ойында екі команда жарысты. Ойынға қатысушылар өздерінің білгірліктерін көрсетті. Қазақстанның тарихы, салт-дәстүрі, ырымдары, танымал адамдардың өмірбаяндары жөнінде  сұрақтар қойылды. Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздарға  кітапхана атынан кітаптар сыйға берілді. Тақырыпқа сай кітап көрмелері қойылды. Кешке студенттер, мектеп оқушылары, оқырмандар қатысты.

KZ