Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Халқымыздың қайталанбас қайраткері»

2022 жылдың 20 қыркүйегі күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ 8 «Б» класс оқушыларына аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Халқымыздың қайталанбас қайраткері» атты танымдық сағатын өткізді.

Мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А.Қонаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.

Танымдық сағат барысында кітапханашы Гүлнұр Ергенқызы мемлекет қайраткері Д.Қонаевтың балалық шағы мен отбасы туралы, оқу жылдары мен еңбек жолының басталуы және республиканың әр жылдардағы өмірі жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар оқушылармен викториналық ойындар ойнатылды.

«Мақтан тұтар ұлы тұлға» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Д.А.Қонаев жайында деректі фильм тамашалады. 

KZ