Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі»

2023 жылдың 19 қаңтары күні сағат 17.00-20.00 аралығында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасының аясында көп балалы ана, қолөнер шебері Жақсымбаева Венера Маратқызымен «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты кездесу кешін өткізді.

Мақсаты: Жастар арасында ұлттық мұрамыз қолөнерді дәріптеп, насихаттау арқылы дәстүрді ұлықтап, жас ұрпақтың бойына сіңіру,  дұрыс тәрбие беру.

Кешке Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Калиева Жұмабике Шамшединқызы мен «Ай Қаракөз» брендінің негізін қалаушысы, ұстаз Қайралапова Жайнагүл Нагиқызы, мектеп оқушылары, оқырмандар қатысты.

Шара барысында қолөнер шебері Венера Маратқызы қолөнерге қалай келгенін, ою-өрнектің қазақтың дүниетанымында алар орны жайлы әңгімеледі. Қолөнер шебері Венера өзінің шығармашылық шеберлігін көрсетіп, өзінің жасаған көрпе-көпшік, қоржын, қол сөмке, еттің нанын жайғанда төсейтін сыпыра т.б. бұйымдарын әкеліп таныстырды.  Сұхбат барысында келген оқырмандар сұрақтар қойды. Сонымен қатар Венера Маратқызының өмірбаяны, жеткен жетістіктері жайында бейнебаян көрсетілді. 

Кездесу кеші  «Библиокафе» поэзия кеші бойынша жалғасын тауып, интеллектуалды ойындар өтті. «Библио кафе» шарасында продюсер, театр режиссері, РФ Театр қайраткерлері одағының мүшесі Бурман Давид Семенович қонақ болды. Давид Семенович ас мәзірінен ұнаған әдеби шығармаларына тапсырыс беріп, өлең оқыды. Сондай-ақ ол өзінің шығармашылық жобалары, өмір жолы туралы баяндап берді.

Шара соңында тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС