Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Қалам мен қару иесі»

2023 жылдың 12 қаңтары күні сағат 17.00-20.00 аралығында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасының аясында «Оқитын өлке» акция бойынша жазушы Өтебай Қанахиннің шығармашылығына арналған «Қалам мен қару иесі» атты әдеби сағатын өткізді.

Мақсаты: «Оқитын өлке» акциясы аясында таңдалып алынған жазушы Өтебай Қанахиннің шығармашылығын насихаттау. Оқырмандарды, жасөспірімдерді кітапқа жақындату, кітап оқуға шақыру. Бос уақыттарын тиімді өткізу.

Шара барысында жазушының өмір жолынан мәлімет беріп, өлкемізден шыққан ақындар мен жазушылардың, белгілі тұлғалардың шығармашылығынан викториналық ойын ойнатылды. Сонымен бірге әдеби сағат әрі қарай әртүрлі мазмұн бойынша жалғасын тауып, «Библио кафе» поэзия кеші, үстел ойындары, «Kahoot» интеллектуалды ойындар, әдеби караоке бағдарламалары өтті. «Ымырттағы кітапхана» шарасында «Библио кафе» бұрышы ұйымдастырылды. Өзге кафелерден ерекшелігі бұл жерде қонақтар менюден кітаптарды таңдайды. Сол бойынша лирикалық өлеңдер оқылып, прозалық шығармалар талқыланады. Ас мәзірінде «Поэзия пюресі», «Лирика лапшасы», сусындардан «Санамақ» сусыны, «Комикс» кофесі, «Жұмбақ» смузиі және басқа әдеби шығармалар ұсынылды. Библио кафемізде қонақ болған Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисқызы «Қанатты сөздер» оқып, өзінің жоғары бағасын берді. Шараға қатысушы Шығармашылық академиясының қызметкері Нұрзат Арыстанқызы «Терме» талқаны мен «Қара өлең» қымызынан орындады.

Қаламгердің  шығармалары мен ол туралы жазылған естеліктерден «Халқы сүйген қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетілді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС