Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ымырттағы кітапхана»

2022 жылдың 22 сәуірі күні сағат 18.00-21.00 аралығында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы 23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай «Ымырттағы кітапхана» кешін өткізді.

Мақсаты: Оқырмандарды, жасөспірімдерді кітапқа жақындату, кітап оқуға шақыру. Бос уақыттарын тиімді өткізу.

Кешке колледж студенттері, оқырмандар, мектеп оқушылары, кітапханашылар қатысты.

Оқырмандар түн ауғанша кітапхананы емін-еркін аралап, кітапхана қызметкерлері дайындаған түрлі тосын сыйларға куә болды. Кітапхана түні мың бұралған бишілердің биімен ашылып, жекпе-жектен 2017 жылғы Азия және әлем чемпионы, ММА-(аралас түрлері) бойынша 2019 жылы Азия және әлемнің 3 дүркін чемпионы, халықаралық спорт шебері, ММА-дан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2019 жылы Қазақстанның Республикалық үздік ММА жауынгері, 2020 жылы әлемнің ММА-дан үздік спортшысы атанған Бағдат Жұбанышпен өткен кездесу кешімен жалғасты. Одан әрі «Кітапхана – даналық қазынасы» Book-parties  бағдарламасымен жалғасты. Кеште әртүрлі мазмұн бойынша іс-шаралар: «Библиокафе» поэзия кеші, театрландырылған көлеңкелі қойылым, кітап алмасу жәрмеңкесі, үстел ойындары, викториналар, интеллектуалды ойындар, музыкалық және би бағдарламалары өтті. Кітапхана қызметкерлері халық әні «Әй-әй, бөпем» бесік жырына театрландырылған көлеңкелі қойылым қойды. «Ақ қауырсын», «Алтын өлке» клубтарының қатысуымен «Библиокафе» әдеби лирикалық кешінде өлең-жырдан маржан шашып, әдеби әлемдегі мәселелерді талқылады. Шын мәнінде поэзияны жақсы көретін, бағалайтын, көрермендер сүйікті өлеңдерімен, кештегі эмоцияларымен  қуана  бөлісті. Қатысушылар әдеби викторина сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар сыған қызы келіп кітаппен бал ашып, болашақты болжағаны көпшіліктің көңілінен шықты. Қаламыздың студент жастары, мектеп оқушылары, кішкене бүлдіршіндер флешмоб билеп,  интеллектуалды ойындарға қатысты. Өз күштеріне сенімді оқырмандарымыз армрестлинг ойынында бақ сынасты. Кеш соңында белсене қатысқан оқырмандарды Алғыс хатпен марапаттап, әрбір қатысушыға сыйлықтар берді. Тақырыпқа қатысты кітап көрмелері қойылды. Кеш қызықты өтті.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС