Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Поэзияның асқар шыңы»

2023 жылдың 9 ақпаны күні сағат 17.00-20.00 аралығында C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «YMYRTTAGY KITAPHANA»  әлеуметтік-мәдени шарасы аясында 9 ақпан лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Поэзияның асқар шыңы» атты поэзия кешін өткізді.

Шараның мақсаты: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау, өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Оқырмандарды, жасөспірімдерді Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы елжандылыққа тәрбиелеу, поэзияға деген құштарлығын ояту. Бос уақыттарын тиімді өткізу.

Поэзия кешіне М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары, Еуропалық, экономика, бизнес және құқық жоғары колледжінің студенттері, оқырмандар қатысты.

Поэзия кешін жүргізген Азатгүл Жасұланқызы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы, жырлары туралы өлеңсүйер қауымға ақпарат берді. Поэзия кешіне келген жасөспірімдер Бауыржан Аязбаев, Аманбек Рысжанов, Ақбота Жами Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлерінің дайындаған әдеби мюзиклінен көрініс тамашалап, Әкімжан Бейбітшілікұлы мен Гүлнұр Ергенқызы ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілікке ұсынып, тамылжыта орындады. Шара соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы ақиық ақынның өлеңдерін оқыған жастарға Алғыс хат табыс етті.

Кеш барысында «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Ақынның өмірі туралы бейнесюжет көрсетілді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС