Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Оқы, талқыла, ұсын…»

2022 жылдың 1 желтоқсаны күні сағат 17.00-20.00 аралығында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасының аясында «Оқы, талқыла, ұсын…» атты әдеби алаңын өткізді.

Мақсаты: Оқырмандар өздері оқыған шығармаларына талдау жасау; Өз пікірлерін еркін жеткізе алуға дағдыландыру; Студенттер мен жалпы оқырмандарды кітап оқуға баулу, кітаптан алатын ұшан-теңіз білімнің маңыздылығы мен рухани құндылықтарымызды насихаттау.

Шара барысында кітапханамызға «Сұлулық барша әлемнің жаршысы» тақырыбында әдебиеттерден көрме қойылып, библиографиялық шолу жасалды. Лаура Ерікқызы мен Айғаным Бекжанқызы оқырмандар арасында викториналық интеллектуалды ойын өткізді. Сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысқандарға сыйлықтар тарту етілді. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері Балнұр Қалыбекқызы мен Қарақат Жалғасбаева ән айтып, Сая Орақбаева, Ұлту Нәдірбаева, Ақжан Байқазақ патриоттық, лирикалық өлеңдер оқыды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС