Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Отбасы тәрбиесі ана алақанында»

2023 жылдың 12 мамыры күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Қазақ аналары – дәстүрге жол» жобасының аналарымен «Отбасы тәрбиесі ана алақанында» атты кездесу кешін өткізеді.

Мақсаты: Отбасы құндылығын түсіндіру. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.

Кеш қонақтары: «Қазақ аналары – дәстүрге жол» Ақтөбе облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Табельдинова Назира Сарсембайқызы; Ақтөбе облыстық әкімдігі аппаратының бас инспекторы Маханова Гүлжан Мейірханқызы, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» Ақтөбе облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Райгүл Ақтөреқызы; №47ЖББО мектебінің психологі Бердібекова Лаура Қуантайқызы; «Қазақ аналары – дәстүрге жол» жобасының мүшелері.

Кеш барысында аналарымыз отбасылық құндылықтар, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас төңірегінде ой қозғап, өнегелі әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, олар өмірдің ыстық-суығына бірге төзген жұбайларымен, қуанышты күндер мен қиын сәттерде бір-біріне сүйеу болып өткізген шақтарын әсерлеп баяндап берді. Сұхбатты жүргізген Гүлнұр Ергенқызы қызықты сұрақтарын жолдап, тұшымды жауап ала алды. Кеш қонақтарына көңілді ойын ұйымдастырып, кеш көркін қыздыра түсті. Кітапхана қызметкері Әкімжан Бейбітшілікұлы әсем ән шырқады. Сонымен қатар №47ЖББО мектебінің психологі Бердібекова Лаура Қуантайқызы тренинг өткізді.

«Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.

Шараға «Қазақ аналары – дәстүрге жол» жобасының аналары, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері, №47 ЖББОМ мен №36 орта мектебінің оқушылары, оқырмандар қатысты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС