Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Муза» әдеби кеш

2023 жылдың 2 наурызы күні сағат 17.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасы аясында «Муза» атты әдеби кешін өткізді.

Мақсаты: Оқырмандарға поэзияны сүюге баулу. Ақындардың өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіру, рухани танымын кеңейту.

Іс-шара барысында Шыңғыс Исшанов, Рамазан Тыныштықбай, Ділназ Шукаева, Аяжан Аленова қазақ ақындарының шығармаларынан үзінділер оқыды. Сонымен бірге «Өлеңді жалғастыр» ойыны ойнатылып, онда қатысушылар шарт негізінде берілген өлең шумақтарын өз қалаулары бойынша жалғастырады және де ««Бұл кім?» ойынында қазақ әдебиетінен, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар қойылды. Әдеби караоке айтылып, өлең тақырыптары талқыланды. Кітапхана қызметкері Гүлнұр Ергенқызы  «Бақытты әйел» әнін айтты. Шараға белсенді қатысқан оқушылар «Алғыс хатпен» марапатталды.

Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Шараға №33 орта мектеп оқушылары мен оқырмандар қатысты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС