Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Мен және менің құқығым»

2021 жылдың 16 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Мен және менің құқығым» атты ой-пікір сағатын өткізді.

Мақсаты: Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру; Өз құқықтары мен міндеттерін білуге, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету. Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу;

Шараға Әділет Департаментінің Халыққа заңгерлік қызмет көрсету және құқықтық түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Жумин Жақсылық Жанатұлы, оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

Шара барысында Азатгүл Қайнақаева адамның құқығы туралы қысқаша мәлімет берді. Әділет Департаментінің Халыққа заңгерлік қызмет көрсету және құқықтық түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Жақсылық Жанатұлы адам құқығы – адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен қорғалатын ең жоғарғы демократиялық құндылық екенін түсіндіріп, конвенция, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар оқырмандар бірнеше сауалдар қойып, пікір алмасты.

Іс-шарада «Құқығыңды қорғай біл!» атты кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, бейнеролик тамашалады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС