Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ердім бір сиқыр қаламға…»

2022 жылдың 16 мамыры күні сағат 11.00-де Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы лирик ақын Сағи Жиенбаевтың туған күніне орай «Ердім бір сиқыр қаламға…» атты Сағи оқуларының байқауын өткізді.

Мақсаты: Сағи Жиенбаевтың шығармашылығымен таныстыру, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету. Жастарды қазақ поэзиясына, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Сағи өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру.

Шараға аудан, қала жастары мен колледж студенттері, мектеп оқушылары   қатысты.

Сағи Жиенбаев 1934 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылында туған. Қазақтың көрнекті ақыны, лирик. Жарқамыс орта мектебін, Қызылорда педагогтік институтын бітірген. Сағи Жиенбаев көптеген жыр кітаптарының авторы. Оның алғашқы «Қарлығаш» атты өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көріп, қалың оқырманды ақындық аса нәзік, ерекше тынысымен баурап алды.

Шара барысында жыр сүйер қауым Сағи ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. «Сағидың сырлы саздары» слайды мен «Өмірі жырға толы – Сағи ақын» атты деректі фильмі көрсетіліп, ақынның шығармашылығына арналған  кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдістемелік, көмекші құралдар, газет-журнал басылымдары, ақынға арналған көрнекіліктермен жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

Байқауға барлығы 35 үміткер қатысты. Кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы келген қонақтарға, байқауға қатысқан қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, ақ тілегін жолдады.

Сағи оқуларының шарты бойынша ақынның лирикалық және патриоттық өлеңдерін жатқа, мәнерлеп айтқан жастар ішінен 1 орынды – Сағиғалиева Гүлбану, Тілегенова Жансая иеленді. 2 орын – Ахметжанқызы Ақжанға, Қабидолла Аянаға бұйырды. 3 орын – Дүзелбай Ақиыққа, Куранбай Кәусарға, Әбдіғали Әнуарбекке берілді. Сағи оқуларына қатысқан барлық қатысушыларға алғыс хат, дипломдар табысталды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС