Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Біз біргеміз»

2023 жылдың 9 наурызы күні сағат 17.00-20.00 аралығында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасы аясында «Біз біргеміз» атты WORK SHOP өткізді.

Мақсаты: Жас ұрпақты кітап оқуға баулу. Оқырман мен ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, қатысушылар өз мүмкіндіктерін көрсету және  олардың көңіл күйлерін көтеру.

Шара барысында қатысушылар өздерінің оқыған әдебиеттерін айтып, кейіпкерлердің мінез-құлқы, оқиғаның, шығарманың жазылу барысы туралы талқылады. Сонымен қатар оқырмандар мен қызметкерлер «Соңғы рет қандай кітап оқыдыңыз? Өзіңізге ұнаған шығарма туралы айтып беріңіз. Қандай кітапты оқуды жоспарлап жүрсіз? Оқуға кеңес беретін кітабыңыз?» деген сауалнамалық сұрақтарға жауап берді. «Қызық екен» және сұрақ-жауап түріндегі ойындарға белсене қатысып, ситуациялық сауалдар қойылды.

«Әдебиет – жан нұры» тақырыбында дайындалған кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС