Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Бақытты уақыт»

2023 жылдың 6 сәуірі күні сағат 17.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасы аясында үлкендерге арналған фестиваль «Бақытты уақыт» атты бала life өткізді.

Мақсаты: Үлкендермен бірге балалық балдырған шақтың қызықтарын еске түсіріп, балалық шаққа саяхат жасау. Пікірталас жүргізу, өз пікірін білдіру.  

Шара барысында қызықты ақпараттармен танысып, «Алақай» қуыршақ театрының қызметкерлері мен кітапхана қызметкерлер болып топқа бөлініп, сынға түсті. Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушылар ұяшықтарды таңдап, тапсырмаларды орындады. Ұяшықтарда 2000 жылға дейін шыққан телехикаялар, әндер жасырылған болатын.2. Математикалық есептер. 3. Топ болып сурет салу. 4. Шар ойыны, «Адам-зат», «Шар», «Мен ақылдымын», «Суды төкпе» сияқты қызықты ойындарды ойнады. Сайысқа қатысушылар барлық тапсырмаларды орындап,  шара көтерінкі көңіл күй мен түрлі эмоцияларға толы болды. Алған ұпайлары бойынша жеңімпаздарды кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы марапаттап, сыйлықтар табыстады. Іс-шара қызықты өтті.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС