Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Тамыры терең, құтты мекен – Ақтөбе»

2024 жылдың 27 мамыр күні сағат 11.00де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе қаласының 155 жылдығына арналған «Тамыры терең, құтты мекен – Ақтөбе» кездесу кешін өткізді.

Кеш қонақтары: Тимур Үбішев – Ақтөбе облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы; Мұратбек Қаражон – Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, республикалық авторлық әндер байқауының жүлдегері, әнші, сазгер; Аман Мырзалиев – Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, әнші-сазгер.

Мақсаты: Жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту. Сондай-ақ, олардың өнерге деген ықыласы арқылы Ақтөбенің 155 жылдық тойының маңыздылығын жете түсіндіру.

Кеш барысында қонақтар Ақтөбеге арналған авторлық әндерін орындаса, ал Тимур Жубанышевич зияткерлік меншік, авторлық құқық жайында әңгімен өрбітті. Сонымен қатар көрермендердің сауалдарына жауап берді. Сергіту сәтінде қызықты ойындар ойнатылды. Кеш соңында кітапхана директоры Гүлнар Рамазанқызы қонақтарға ризашылығын білдіре отырып, алдағы уақытта біріге жұмыс жасауға ұсыныс-пікірін айтты.

НАШИ КОНТАКТЫ