Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Біз екеуміз…» сыр-сұқбат

2024 жылдың 10 маусым күні сағат 19.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Кitap Fest – 2024» шарасы аясында өнерлі жас отбасы, айтыскер ақын, Жаңажол Мұқанов пен дәстүрлі әнші Аяжан Шынбергенқызымен сыр-сұқбатын өткізді.

Мақсаты: Өлкеміздегі жас таланттардың есімдерін танытып, қолдау көрсету; Жасөспірімдердің өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Шара барысында өмірі мен шығармашылығы жайында және басынан кешкен қызықты оқиғаларымен бөлісті. Сонымен қатар «Әлеуметтік желіде қаншалықты белсендісіздер?», «Қазіргі интернет жұлдыздарын қалай бағалайсыздар?», «Шоу үшін, сіздің есіміңіз аталуы үшін қандай қадамдарға бара аласыз?» сынды сауалдарға жауап беріп, қонақ кәдеге өнерлі жұп өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ Алмаз Елеуовтың “Almaz Games Scool” 3D моделдеу мектеп студиясы IT, Gamdev және басқа да салаларда сурет салу бойынша шеберлік сағатын көрсетті. 

Шараға қатысушылар «Таланттар туған топырақ», «Сағи лирикасы сурет әлемінде», «Ердім бір сиқыр қаламға…», «Даламның ізі дара даналары» кітап көрмелерімен танысты.

Шара соңында кітапхана директоры Гүлнар Рамазанқызы барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

НАШИ КОНТАКТЫ