Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Байтақ елдің биік ұста байрағын»

2024 жылдың 4 маусым күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Жоғары колледж студенттеріне «Байтақ елдің биік ұста байрағын» ақпараттық сағатын өткізді.

Мақсаты: Жасөспірімдерге рәміздің маңыздылығын түсіндіру; Патриоттық сезімді, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру;

Ақпараттық сағат барысында кітапханашы Ақниет Көшербайқызы мемлекеттік рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайында түсіндіріп өтті. Сонымен бірге жастар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Патриоттық өлеңдер оқып, ән айтты. «Мемлекеттік Рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында бейнеролик тамашалады.

Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

НАШИ КОНТАКТЫ