Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Парасат майданының суреткері»

2023 жылдың 28 наурызы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №36 орта мектебінде «Бір ел-бір кітап» республикалық акция аясында жазушы, драматург Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Парасат майданының суреткері» атты әдеби сағатын өткізді.

Мақсаты: Жазушы Төлен Әбдіктің шығармашылығын оқу және насихаттау. Жасөспірімдерді, қоғамды кітап оқуға, кітапханаға шақыру.

Әдеби сағатта оқушыларға қаламгердің өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. «Болмысы бөлек тұлға» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, еңбектері топтастырылған кітаптарға шолу жасалды. Сонымен қатар кітапханашы Азатгүл Жасұланқызы жазушының «Парасат майданы» атты кітабындағы әңгімелерге тоқталып, балаларға мазмұнын қызықты етіп айтып берді. Оқушылар жазушының шығармаларын кеңінен талқылады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС