Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Оқитын өлке» акциясы

«Оқитын өлке» акциясы

ӨТЕБАЙ ҚАНАХИН

Өтебай Қанахин (1923–1990) – 17 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тәуіп ауылында туған. 
Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Әдебиетке елуінші жылдары келді. 1953–1960 жж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, 1960 жылдан Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы, мәдениет секторының меңгерушісі, 1963–1966 жж. «Жазушы» баспасында бас редактор, 1966–1969 жж. Қазақстан КП ОК-нің насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1969–1970 жж. «Жалын» альманахының тұңғыш бас редакторы, «Мәдениет және тұрмыс» журналында бөлім меңгерушісі, 1975–1982 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық редакциялық алқасының бас редакторы қызметтерін атқарды.
Алғашқы әңгімесі «Екі кездесу» 1947 жылы жарық көрді. «Ауыр күндер», «Мұрагер» (1958), «Көл жағасында» (1960), «Маздақ» (1964), «Тұңғыш махаббат» (1966), «Жас дәурен» (1966), «Жер басып жүрсем» (1968), «Дәмелі» (1962), «Жүрек қалауы» (1974), «Бақыт бәйшешегі» (1976), «Құдірет» (1979), «Қарт сарбаз хикаясы» (1986), «Ата қоныс» (1990), т.б. кітаптардың авторы.
М.А.Шолохов, А.М.Кожевников повестерін тәржімалады, бірқатар шығармалары орыс, украин, белорус, өзбек, армян, тәжік, татар, башқұрт, қырғыз және неміс тілдеріне аударылған. 
Қызыл Жұлдыз орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.