Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

Кітап көрмесі

2024 жылдың 4 маусым күні сағат 18.00-21.00 аралығында Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «КІТАП ФЕСТИВАЛІ – 2024» шарасы аясында лирик ақын Сағи Жиенбаевтың туғанына 90 жыл толуына және Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай «Таланттар туған топырақ», «Сағи лирикасы сурет әлемінде», «Ердім бір сиқыр қаламға…», «Даламның ізі дара даналары» кітап көрмелерін ұйымдастырды.

Мақсаты: оқырмандарға көрнекті қаламгер ақын ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Ұйымдастырылған кітап көрмесіне кітапхана қорында жинақталған ақын-жазушылардың шығармалары М.Әуезовтің «Абай жолы», «Абай тілі сөздігі», «Абайдың қара сөздері», С.Жиенбаевтың «Менің көршім», «Бозторғай», М.Ақдәулетұлының «Таңдамалы» секілді еңбектері, мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар қойылды. Кітап көрмесіне Азатгүл Жасұланқызы библиографиялық шолу жасады. Сонымен бірге  «10 SAUSAQ» қолөнер клубы мүшелерінің дайындаған бұйымдары қойылды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС