Бөлім кітапхана қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу, кітапхананың web-ресурстарын, электронды өнімдер каталогын, тақырыптық электронды базасын құру, толықтыру, қолданыстағы ақпараттық жүйені, бағдарламалық кешенді жаңарту, оны қолдау жұмысымен айналысады. Қазіргі заманғы программалар жасақтамаларын орнатады.
Бөлім қызметкерлері IT-кабинеттерге жауапты. Пайдаланушыларға ғаламтор-технологиялары арқылы кітапхана қызметтері ұсынынылады.
Интерактивті интернет – қызметтерді, мерзімді басылымдар мен ақпараттық – құқықтық мәліметтер базасын, e-mail арқылы құжаттарды жеткізу және басқа да компьютерлік қызметтерді тегін пайдаланады. Бөлімде электронды каталогтарда ақпараттар іздеп, баспа, электронды және аудио-ақпараттарды көшіру үшін жағдайлар жасалған. Оқырмандар кітапхана сайтынан (www.aktobeoub.kz) Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының Қазақстан ұлттық электронды сайтынан (www.kazneb.kz), Қазақстан Республикасы Кітапханашылар Ассоциациясының (www.kazlib.nabrk.kz) Қазақстан Кітапханалары сайттарынан қажетті ақпараттар қарай алады.
Қазіргі заманда бәсекелестіктегі басым бағыттардың бірі – цифрландыру. Сирек кездесетін, бағалы, бір дана кітаптарды сандық түрге көшіру арқылы кітапхананың электрондық құжаттар қорын қалыптастырады, оқырмандардың электрондық құжаттарды еркін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.