Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімі облыстағы жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапханалар үшін әдістемелік орталық болып саналады.
Оқырмандар сұранымын кең көлемде қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, яғни олардың қажет ақпаратты, ұлттық және әлемдік мәдени байлықтарды пайдалануында жаңа әдістер қолдануды игеруде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді. Бөлім қызметкерлері облыстағы кітапхана қызметкерлерінің ең озық тәжірибелерін анықтап, зерттейді. Кітапханашылардың біліктілігін арттыру бағытында, теориялық және тәжірибелік түрлі семинарлар, аймақтық зерделі кеңестер, кәсіби – іскерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, байқаулар ұйымдастырады. Іс – сапарларда болып орталықтандырылған кітапханалар жүйелеріне әдістемелік көмек көрсетеді, баспа және талдау қызметтерімен айналысады. Көпшілік мәдени шараларға әдістеме – библиографиялық құралдар, сценарийлер, пресс-релиздер дайындайды. Жылына 1 рет «Жасөспірімдермен жұмыс жасайтын кітапханалар тәжірибесінен» атты ОКЖ жылдық есептерінен жинақ дайындайды. Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімінің жұмысы кітапхана қызметінде жетекші роль атқарады, себебі бұл облыстағы жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапханаларға басшылық жасайтын әдістемелік орталық болып саналады.