Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Динамикалық Start» креативті жастар алаңы

2024 жылдың 5 маусым күні сағат 18.00-21.00 аралығында Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесе «Кitap Fest – 2024» шарасы аясында Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай «Динамикалық Start» креативті жастар алаңын өткізді.

Мақсаты: Қоғамның мәдени құндылықтарын арттыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру. Ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау. Оқырмандарды, жастарды кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру. Бос уақыттарын тиімді пайдалану.

Іс-шара барысында кітапхана оқырмандары мен жастары арасында «Ребус-ТIME», «Dynamite», «Сегізаяқ», «Yes.or.no» интеллектуалды экспресс-ойындары ойнатылып, көңілді караокеде ән айтылды. Шараға қызығушылық танытқан жастар өз өнерлерін көрсетті. Шарада «Almaz.Games Schol» 3D моделдеу мектеп-студиясының және дизайнер Дильяра Айтмухамбетованың шеберлік сағаты өтті. Кітап фестиваліне келген көрермендер «Мы вас любим» халықтық клоунада театрының қойылымын тамашалады. Сонымен қатар «Баламен бақытты бар әлем», «Сағи лирикасы сурет әлемінде», «Ердім бір сиқыр қаламға…», «Миға шабуыл» кітап көрмелерін ұйымдастырды. Кітап көрмесіне кітапхана қорында жинақталған ақын-жазушылардың шығармалары, мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар және психологиялық кітаптар қойылып, Жанат Нұрымқызы библиографиялық шолу жасады. Сонымен бірге «10 SAUSAQ» қолөнер клубы мүшелерінің дайындаған бұйымдары қойылды.

Іс-шара соңында кітапхана директоры Гүлнар Рамазанқызы қорытындылап, шараға белсене араласқан қатысушыларға Алғыс хаттар мен сыйлықтар тарту етті.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС