Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

“БІРТУАР ҒАЛЫМ”

2024 жылдың 21 мамыр күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына арналған «Біртуар ғалым» танымдық сағаты өткізілді.

Мақсаты: Қ.Сәтпаевтың өмір жолы мен ғылыми еңбектерін таныстыру, ғылыми мұрасын дәріптеу.

Танымдық сағат барысында кітапханашы Лаура Ерікқызы академик, геолог және қоғам қайраткері Қ.Сәтпаевтың Қазақстанның дамуы мен ғылымның қалыптасуына қосқан үлесі туралы тың деректермен бөлісті. Шарада атақты академик туралы өмірбаяндық деректі фильм көрсетіліп, кітапхана қорынан ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырылды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС