Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Алаш туы астында»

2024 жылдың 30 мамыр күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе облыстық арнайы (түзету) есту қабілеті бұзылған балаларға арналған  мектеп-интернат колледжінде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Алаш туы астында» тарихи сағатын өткізді.

Мақсаты: қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.

Іс-шара жүргізуші Аяжан Утепбергенова саяси қуғынға ұшыраған алаш азаматтары жөнінде ақпарат берді. «Ел тарихы тартқан тауқымет – ұмытылмас қасірет» тақырыбында слайд көрсетілді. Сергіту сәтінде оқушыларға «Сөзді тап», «Алаш зияткерлері» WORDBOL ойындары ойнатылды. Тақырыпқа сай  кітап  көрмесі  ұйымдастырылып, көрмеге саяси  қуғын-сүргін  құрбандары  болған алашордашылар және қазақ зиялыларының өкілдері туралы кітаптармен газет-журналдар қойылды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС