«Ұлттық ойын – ұлт игілігі» ұлттық ойындар

18.03.2019 00:00 Администратор
Печать

     2019 жылдың 18 наурыз күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Шапағат» қайырымдылық клубының мүшелерімен бірге «Облыстық арнаулы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернаты колледжінде» 22 наурыз мейрамына орай «Ұлттық ойындар – ұлт игілігі» аттыұлттық ойындар өткізді.

 

     Мақсаты: Халқымыздың ұлттық ойындардың қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға үлкеннен-кішіге мұра болып жалғасып отыратындығы туралы мағұлмат беру. Ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу.

     Шарада ұлттық ойындарымыз «Көкпар», «Теңге алу», «Жамбы ату», «Аударыспақ» т.б. түрлерінен жаөспірімдерге мәлімет берілді. Оқушылар «Хан талапай», «Қол күрес» ойындарын ойнады. Ойынға қатысушы балаларға ойынның шарты түсіндірілді. Ойын қызықты болды. Сонымен қатар барлық балалар «Қара жорға» биін биледі.

     Іс-шара барысында «Ұлттық ойын – ұлт игілігі» атты кітап көрмесі жасақталып, көрмеге кітапханашы Аяулым Зейнекен библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, халқымыздың ұлттық ойындары туралы бейнеролик тамашалады.

Обновлено 29.05.2019 10:05