«Сенбідегі серпіліс» атты спорттық ойындар

02.02.2019 00:00 Администратор
Печать

     2019 жылдың 2 ақпаны күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Жастар жылы» және Ақтөбенің 150 жылдығына орай «Старт» клубының мүшелері мен №4 орта мектеп оқушыларының арасында «Сенбідегі серпіліс» атты спорттық ойындар ойнады.

     Мақсаты: жастармен бірлесе спорттық ойындар ойнау арқылы тығыз байланыста болу. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану.

     Шара басталмас еліміздің гимні шырқалды. Шарада дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Есімжан Аюпов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ойынның шартын түсіндірді. Одан кейін ойыншылар үш топқа бөлінді. Кітапханамыздың жас қызметкерлері, «Старт» клубының мүшелері мен оқушылар «Спортшыларға жалынды сәлем!», «Біз Сіздермен біргеміз!» ұранымен шығып, көңілді старт, эстафеталық жарыс түрлерінен сайысқа түсті. Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай жағы жеңгенін айтып отырды. Жарыстың соңына қарай 1-орын, 2-орын, 3-орын алған командаларды анықтап, кітапхана директорының атынан Алғыс хат берілді.