«Көңілімнің көктемі кітапхана» атты бенефист

22.09.2020 00:00 Администратор
Печать

 

   2020 жылдың 22 қыркүйегі күні сағат 10.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы зейнеткерлік жасқа жеткен, директордың орынбасары, төсбелгісінің иегері Кудасова Үржан Құрманқызының «Көңілімнің көктемі кітапхана» атты бенефисін өткізді.
Мақсаты: төрт баланың анасы, өз жұмысының шебері, Үржан Құрманқызының өнеге істерін жас мамандарға үлгі ету. Көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
    Бенефиске Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Н.К.Кәдірбаев; кітапхана жанашырлары: ақын Н.Қалауов, Б.Бабажанұлы, облыстық кітапхана директорлары, Үржан Құрманқызының достары шақырылды.

    Шара барысында шақырылған қонақтар құттықтау сөз сөйлейді. Кітапханашылар Үржан Құрманқызының өмірі мен еңбек жолынан ақпарат берді. Ән шашулар жоладанды.
    Үржан Құрманқызы көп жылдан бері кітапхана саласында үздіксіз қызмет етіп және кітапхана директорының орынбасары қызметін атқарып келді. Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы мәдени-педагогикалық институтын 1983 жылы «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, әдебиетін терең меңгерген ол жасөспірімдерге қызмет көрсетуде және кітапхана ұжымына үнемі әдістемелік көмек көрсетіп отырады. Кітапханада өтетін мәдени іс-шаралардың ұйытқысы болып келді.
     Әріптестерімен іскерлік қарым-қатынаста білікті, өз тәжірибесімен жас кітапханашыларға үлгі-өнеге көрсете білетін тәжірибелі маман. Әрдайым жұмыс барысында көмек көрсетуге даяр, адамгершілігі мол және кітапхана ұжымы арасында сыйлы қызметкер.
   Әр жылдар сайын тынымсыз еңбегі еленіп, «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгісімен, «Ақтөбе облысының мәдениет пен өнер саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен әлеуметтік әріптестікті дамыту жолындағы жемісті еңбегі мен «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен бірнеше мәрте марапатталды.