«Азаттық үшін атқа қонған Сапура» атты дөңгелек үстел

03.03.2020 00:00 Администратор
Печать

    2020 жылдың 3 наурызы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Азаттық үшін атқа қонған Сапура» атты дөңгелек үстел өткізді.
     Шара қонақтары: Мейірхан Ақдәулетұлы - қоғам қайраткері, жазушы; Санат Калиев - Облыстық «Актюбинский вестник» газетінің журналисі; Айбек Ертеміров - Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейі «Қазіргі заман тарихы» ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі; Кәмшат Қопаева - Облыстық «Ақтөбе» газетінің журналисі; Гүлбаршын Сағалиқызы - Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейінің Қобда аудандық бөлім меңгерушісі; Гүләйім Нарымбайқызы - Ақтөбе қаласы №19 орта мектебінің директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің оқытушысы; Жазира Қалдыбайқызы - «Рухани жаңғыру» орталығының бас маманы; Калдина Гүлжайнар Нәренқызы - С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры.

      Мақсаты: Жастарға қазақ тарихындағы орны зор тұлғаның бірі Сапура Мәтенқызының өмір жолын және «Көктемір көтерілісінде» батырлығы мен қайсарлығымен көзге түскен өжет мінезді қазақ қызының ерлігімен таныстыру. Оның ерлігін өскелең ұрпаққа үлгі ету.
Дөңгелек үстелді жүргізген Гүлжайнар Нәренқызы Сапура Мәтенқызы туралы ақпарат берді. Қоғам қайраткері, жазушы Мейірхан Ақдәулетұлы 1775 жылдың қыркүйек айында Елек, Қобда сағасында отырған қазақ рулары жазалаушыларға қарсылық танытып, тарихта «Көктемір көтерілісі» деген атқа ие және осы жойқын толқуды басқарған адам – Сапура Мәтенқызы туралы мәлімет беріп, ал жастар сұрақтар қойып, пікір алмастырды. №19 орта мектебінің оқушылары өлең оқыды. Шара соңында қатысушыларды қала әкімі мен «Рухани жаңғыру» орталығының атынан Алғыс хаттармен марапаттап, ал демеушілер естелікке Сапура Мәтенқызының портретін, кітаптар сыйлады.
     Шара барысында «Көзге көрінбейтін батыр қыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд, бейнебаян көрсетілді. Шараға Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері, №19 орта мектебінің 9-10 класс оқушылары, зиялы қауым өкілдері, оқырмандар, БАҚ қатысты.