«Әділетті тұлға боламын!» атты пікірсайыс

20.02.2020 00:00 Администратор
Печать

    2020 жылдың 20 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Коворкинг» орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Әділетті тұлға боламын!» атты пікірсайыс өтті.

   Шараға Зияткерлік меншік құқықтары бойынша бөлімінің басшысы Үбішов Тимур Жұбанышұлы, «Волонтер 2020 Ақтөбе» еріктілер ұйымының жетекшісі Нұрбек Жалғасбаев; педагог-организатор, дебат координаторы Мұқашев Ромат Сағынышұлы; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары Құдасова Үржан Құрманқызы, Батыс Қазақстан Гуманитарлы-Заң колледжінің студенттері мен оқытушылар, еріктілер, кітапханашылар қатысты.
    Мақсаты: «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, жастардың өз көзқарастарын білдіру арқылы, дүниетанымын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
    Шара барысында кітапханашы Шырайлым Құдасова сыбайлас жемқорлық жөнінде жалпы түсінік беріп, пара беруге болмайтындығы және параны алмау қажет екендігін айтып өтті. Зияткерлік меншік құқықтары бойынша бөлімнің басшысы Үбішов Тимур Жұбанышұлы жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі екендігін, яғни үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатындығы туралы мағұлмат берді.
Пікірсайысқа дебат координаторы Мұқашев Ромат Сағынышұлы, Батыс Қазақстан Гуманитарлы-Заң колледжінің жастары, еріктілер қатысты. Олар сыбайлас жемқорлыққа байланысты өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді механизмі, жемқорлықтың елдің дамуына кедергі келтіретін негізгі факторы, сыбайлас жемқорлықпен күресудегі ең үздік тәжірибе, халықтың құқықтық сауаттылығының деңгейі деген тақырыптарды талқылап, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы парақшалар, буклеттер таратылды.
     Шара барысында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.