«Рухани жаңғыру: өнер өлкесінде» атты поэзия сағаты

02.02.2020 00:00 Администратор
Печать

     2020 жылдың 4 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Коворкинг» орталығында «Ақ қауырсын» клубының мүшелерімен бірге «Оқитын өлке» облыстық акиясы аясында «Рухани жаңғыру: өнер өлкесінде» атты поэзия сағатын өткізді.

    Мақсаты: «Оқитын өлке» акциясы бойынша ақын Мейірхан Ақдәулетұлы және әнші, ақын, домбырашы Нұрпейіс Байғаниннің шығармашылығымен таныстыру. Оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды сақтау, жастар мен қалың жұртшылық арасында өлкелік әдеби туындыларды кеңінен насихаттау.
Шара барысында кітапханашы Лаура Ерікқызы ақынның өмір жолын, олардың қаламынан шыққан туындылары туралы айтып берді. Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Кітапхана ісінің» студенттері Нұрсұлу Жолан, Ардақ Өтегенова ақын Мейірхан Ақдәулетұлының қаламынан шыққан «Бейуақыттағы мінәжат», «Күз. Тоба» өлеңдерін, сонымен қатар «Ақ қауырсын» клубының мүшелері Аңсаған Амангелді мен Үзілхан Сәбиева өлкелік ақындардың өлеңдерін оқыды. Жастар сұрақтар қойып, өзара пікір алмастырды.
Шарада «Оқитұғын өлкеде - бар болашақ» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Сонымен бірге тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Шараға Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері, оқырман қауым, «Ақ қауырсын» жас ақындар клубының мүшелері қатысты.