«Біз Елбасымен біргеміз!» Назарбаев оқулары

28.11.2019 00:00 Администратор
Печать

    2019 жылдың 28 қарашасы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тұңғыш Президент күніне орай Батыс Қазақстан облыстық Х.Есенжанов атындағы жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе онлайн режимінде «Біз Елбасымен біргеміз!» атты Назарбаев оқуларын өткізді.


    Атаулы шараға «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асылжан Бүркіталин, Ішкі саясат басқармасының маманы Жарас Аюпов және кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ оралдық оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Мақсаты: қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағұлмат беру. Елбасының ұстанымын, халық үшін жасаған ерен еңбегін үлгі етіп, жастарды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
    Шараны жүргізген Лаура Ерікқызы Елбасы еңбектерінің тақырыптарында ел экономикасын, ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт-санасын дүр сілкіндіріп оятқан ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жазылғандығы туралы ақпарат береді. Сонымен қатар кеш барысында оралдық оқырмандар Елбасымыздың өмірі, еңбек жолы мен қызметтері туралы мәліметтерді айтты. Тұңғыш Президент күніне арналған шарада Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асылжан Бүркіталин Елбасының елінің дамуына қосқан үлесі туралы өз ой-пікірімен бөлісіп, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері Елбасыға арнау және оның нақыл сөздерін оқыды.
    Шара барысында «Ел бастаған Елбасы», «Назарбаев кітапханасы», «Назарбаев еңбектері» слайды көрсетіліп, тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылады.