«Ынтымағы жарасқан - Қазақ елі» атты кітап көрмесінің

E-mail Печать PDF

   2017 жылдың 25 сәуір күні сағат 11.00. де С. Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасындаҚазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ынтымағы жарасқан - Қазақ елі» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Мемлекетіміздегі әртүрлі ұлттардың тарихы мен қазіргі өмірі, рухани мәдениеті, салт-дәстүрі және өнерінің дамуы туралы мәлімет беру. Елімізде тұрып жатқан әрбір жасұрпақтың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа тәрбиелеу.

Подробнее...
 

«Оқитын автобус» акциясы

E-mail Печать PDF

  2017 жылы 21 сәуір күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі және Ақтөбе облысының 85 жылдығы қарсаңында 23 сәуір-Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай №15 бағыттағы автобуста «Оқитын автобус» акциясын ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты – «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы және «Оқитын өлке» акциясы аясында таңдалған кітаптарды насихаттау. Жастарды, қоғамды кітап оқуға, Ата бабаларымыздың мәдени мұрасын, өлкемізден шыққан ақын-жазушыларымыздың шығармаларын насихаттау, кітапханаға шақыру.

Подробнее...
 

«Қазақ поэзиясының аққан жұлдызы» әдеби сағатты

E-mail Печать PDF

14 сәуір күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Бір ел, бір кітап» республикалық акция аясында «Қазақ поэзиясының аққан жұлдызы» атты С.Торайғыровтың шығармашылығына арналған әдеби сағат өткізілді.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұсынысымен ҚР Мәдениет  министрлігі өткізіп келе жатқан «Бір ел – бір кітап» акциясы жалғасуда. Биылғы жылы «Бір ел, бір кітап» республикалық акцияға, жалпы халықтық оқуға қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалды.

 

Обновлено 21.04.2017 11:27 Подробнее...
 

«Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер» атты әдеби кеш

E-mail Печать PDF

20 сәуір күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында жазушы, Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері Қажығали Мұханбетқалиұлының шығармаларына арналған «Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер» атты әдеби кеш өткізілді.

Шараның мақсаты: Қазақ әдебиетіне деген жастардың ынтасын арттыру, Қ.Мұханбетқалиұлының шығармашылығымен таныстыру.

 

Подробнее...
 

«Оқы және өзгеге ұсын» акциясы

E-mail Печать PDF

2017 жылдың 13 сәуірі күні сағат 15.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық - атқару жүйесінің департаментіне қарасты КА 168/3 түзету мекемесінің кітапханасына ҚР Рәміздерінің 25 жылдығына орай «Оқы және өзгеге ұсын» акциясы аясында классикалық және шетелдік көркем әдеби кітаптар қайтарымсыз берілді.

Обновлено 21.04.2017 11:03 Подробнее...
 


Страница 34 из 37