«Өнегелі отбасы-рухани жаңғырудың өзегі» атты тәрбие сағаты

E-mail Печать PDF

    5 қыркүйек күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Отбасы күніне орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өнегелі отбасы-рухани жаңғырудың өзегі» атты тәрбие сағатын өткізді.

        Мақсаты: Отбасы құндылықтарын, отбасылық тәрбиенің маңыздылығын насихаттау, ата-ана мен бала арасында ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Жасөспірім балаларды кітапханаға тарту, кітап оқуға баулу.
      «Өнегелі отбасы-рухани жаңғырудың өзегі отбасынан басталады» дегендей бүгінгі шара кітапханамыздың оқырманы, көп балалы Сақтағановтар отбасында өтті. Бұл отбасы он жылдан бері кітапхананың тұрақты оқырманы. Бүгінгі таңда бес бала тәрбиелеп отырған бақытты, өнегелі жас отбасы. Кітапханаға балаларды тарту үшін кітапханашылар балаларға «Отбасы-бақыт мекені» атты жылжымалы кітап көрмесін апарып, түрлі-түсті қызықты ертегі кітаптармен таныстырып, тәттілер мен естелікке жеміс-жидек салынған себет сыйлады.
      Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Сондықтан кітапханашылар осы отбасының тірегі Сақтағанов Ерлан және отанасы Кенже Сақтағановамен өнегелік, тәрбиелік мәні бар әңгіме –диалог құрды. Сонымен қатар балалармен тапқырлық ойындар ойналды.