«Ұлт бірлігінің негізі-мемлекеттік тіл» пікір –сайысы

E-mail Печать PDF

     4 қыркүйек күні сағат 15.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы 6655 әскери бөлімімен бірлесе «Ұлт бірлігінің негізі-мемлекеттік тіл» атты пікір –сайыс өткізді.

      Мақсаты: жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ынтасын ояту, тіл мәртебесін көтеру біздің ертеңіміз, тіршілігіміз екенін түсіндіру және өзге де тілдерді құрметтеуге тәрбиелеу. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастардың отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, елжандылыққа тәрбиелеу.
«Тіл – ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Қазақ тілі ұлы Абай, дана Жамбыл сөйлеген ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатырған көркем тіл.
     4 кезеңнен тұратын пікір-сайысқа әскери бөлімнің сарбаздары мен қызметкерлері қатысты. Сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып, мақал-мәтелдер айтып жарысып, салт-дәстүр туралы бейнебаян, тарихи көрініс көрсетті. Әр сында қатысушыларымыз білімдерімен, тапқырлықтарымен көзге түсіп отырды.
    Шара соңында әділ қазы мүшелері қатысушыларды алғыс хат пен марапаттады. Қатысушылар назарына кітап көрмесі ұйымдастырылды.