«Әлеуметтік қорғау-басты назарда» ақпараттық сағат

E-mail Печать PDF

      2019 жылдың 4 қыркүйегі күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Әлеуметтік қорғау-басты назарда» атты ақпараттық сағат өтті.

        Мақсаты: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дегеніміз не? Адам сақтандырылғаны туралы қалай білуге болатындығы туралы ақпарат беру.
     Шараға «Арасан Ақтөбе» медициналық орталықтың дәрігері А.А.Айткулова қатысып салауатты өмір салты туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы толығырақ ақпарат беріп өтті.
      Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанға заманмен қатар жүруге, сондай-ақ сақтандыру нарығын одан әрі дамытуды ынталандыруға көмектеседі. Өйткені, әлемнің дамыған мемлекеттерінде медициналық сақтандыру қолданылатыны және өмірдің негізгі бөлігі болып табылатыны ешкімге құпия емес. Міндетті медициналық сақтандыру Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен медициналық көмекке тең қол жетімділікке кепілдік береді.
     Шараға қатысушылар көптеген сұрақтарға жауап алды. Тақырыпқа сай кітап көрмесін ұйымдастырылып, бейне ролик көрсетілді.