«Ядролық қарусыз әлем» ардагерлермен кездесу кеші

E-mail Печать PDF

    21 тамыз күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлем» атты Семей полигоны ардагерлерімен кездесу өтті.

      Мақсаты: Семей ядролық сынақ полигоны және оның халық денсаулығына тигізген әсері, сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы түсінік ала отырып, пікір алмасып, ойларын ортаға салу.
      Қатысушылар: Ізімғали Абдрахманұлы Көбенов- Батыс Қазақстан аймағы «Невада-Семей» «Халықаралық антиядролық қозғалыс» қоғамдық бірлестігі филиалының жетекшісі; Болат Қамысбаев - Ақтөбе облыстық семей ядролық сынақ полигонының ерекше тәуекел етушілер қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Дюсенова Айгүл Егізбайқызы- Ақтөбе облысының укіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті; Семей полигонының ардагерлері. 6655 әскери бөлімінің сарбаздары.
1949 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонында тұңғыш рет атом бомбасы сынақтан өткізілген болатын. Биыл 29 тамыз –Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні.
      Шара барысында ядролық полигонының зардаптарын жоюға үлес қосқан, оның ауыртпашылығымен бетпе-бет келген азаматтар өз ойларымен естеліктерімен бөлісті. Облыстық шығармашылық орталығының «Әдеп» тобы ән шашу арнады.
      «Тарихтың қасіретті беттері» атты кітап көрмесі таныстырылып, деректі фильмдерден үзінді көрсетілді.