«Алтын арқау Ата - Заң» атты танымдық кеш

E-mail Печать PDF

    2019 жылдың 28 тамызы күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Конституция күніне орай «Алтын арқау Ата - Заң» атты танымдық кеш өткізді.
Мақсаты: жастарға ҚР Конституциясы төңірегінде ақпарат беру, ой-пікірлерін білу, азаматтық, құқықтық сауаттылығын арттыруға көмектесу, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

        Өткізілген шара барысында кітапхана қызметкерлері Көшербайқызы Ақниет, Абжан Нұрсұлтан, Сұлтанбекова Лаура, Бекенова Гүлнұр жастар мен оқырмандарға ҚР Конституциясы туралы мағұлмат беріп, жыр шумақтарын оқыды. Жиынға қатысқан оқырмандар мен жастар Тәуелсіз еліміз Қазақстаннның әнұранын нақышына келтіріп орындап, көкейлеріндегі ойларын ортаға салды. Әрбір адам құқығын білуі тиіс. «Егер де мен Президент болсам..», «Егер де мен Ақтөбе облысының әкімі болсам..», «Мен Заң шығарушы орган болсам..», Өз құқығымызды білеміз бе? дегендей қызықты әңгімелер қозғалды. Сонымен қатар викториналық сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Шараға белсене қатысқан жастар да аз емес-ті. №16 орта мектептің оқушылары Серікбай Ақтоты өзінің өнерін көрсетіп «Оймақ» биін билесе, Омарова Гаухар «Самға» атты әнін тарту етті. Ербөлек Ерболат, Бұршақбаев Расул кешті ұйымдастырып, өлең жырларын арнады. Кеш барысында Үкіметтік емес ұйымның қызметкерлері ыстық ықыластарын, жылы лебіздерін білдірді.
     Кітапханашы Құдасова Шырайлым кітаптармен газет-журналдардан ұйымдастырылған «Ата заң Елдігіміздің еңсесі» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Шара соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы қорытынды сөз сөйлеп, өз шығармашылығынан өлең оқыды. Сонымен қатар келе жатқан мейраммен құттықтады.