«Ереулі атқа ер салмай...» атты жыр кеші

E-mail Печать PDF

     21 тамыз күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Art Street» жобасы аясында Абай гүлзарында «Ереулі атқа ер салмай...» атты М.Өтемісұлының 215 жылдығына арнап жыр кешін өткізді.

       Мақсаты: Махамбет Өтемісұлының еңбегін жұртшылыққа таныстыру, жалпы қоғамды кітап оқуға тарту, саябақта жүрген демалушыларға қала тұрғындарына ақпарат ұсыну, сонымен қатар оқырмандардың бос уақытын тиімді пайдалануына, қала тұрғындарына кітапханаға тұрақты оқырман ретінде жазылуға мүмкіндік жасау.
     М.Өтемісұлы - XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің мәртебесін биіктетіп, абыройын асқақтатқан аса талантты тұлға. Халықтың ой-арманын, мұң-мүддесін, тілек-мақсатын үздіксіз жырлаған халық ақыны.
Шара барысында кітапхана қызметкері Гүлнұр Бекенова қала тұрғындарына Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын таныстырып, елдікті, еркіндікті аңсаған халық ұраншысы ретінде оның ерлігін жастарға үлгі ретінде әңгімелеп берді.
     Шараға жиналған жастар ақынның «Мен-мен еді, мен едім!», «Ереулі атқа ер салмай», «Арғымақтан туған қазанат» атты өлеңдерін оқыды. Жетесовтер отбасылық «Мұзбалақ» ансамблі және халық шығармашылық орталығының әншілерінің орындауында әндер шырқалды. Әскери техниклық мектебінің сарбаздары Махамбеттің күйлерін орындады. Сондай ақ Махамбет шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Оқы және өзгеге ұсын», «Буккроссинг» акциялары бойынша кітаптар жұртшылық назарына ұсынылды.