«Аты әлемге әйгілі ғұлама» атты танымдық сағаты

E-mail Печать PDF

     20 тамыз күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Ақтөбе облыстық 6655 әскери бөлімінде Әл Фарабидың 1150 жылдығына арнап «Аты әлемге әйгілі ғұлама» атты танымдық сағатын өткізді.

       Мақсаты: әлемге әйгілі ұлы ойшыл, ғұлама Әбу Насыр әл – Фараби өмірімен таныстыру.
Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристолельден кейінгі Екінші ұстаз атанған, батыс пен шығысты білімімен бас идірген Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген екен.
Шара барысында кітапханашы Көшербайқызы Ақниет ғұламаның шығармашылығымен таныстырып, виториналық сұрақтар қойды. Қатысушы жастар өлеңдер оқып, ән шырқады. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге баспасөз басылымдарынан материалдар қойылды.